Барша мұсылман қауым үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі биыл 16-18 маусым аралығында өтеді. Ал, ертең Арапа.

Арапа күні жетім-жесірлерге, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, ауру-сырқаудың көңілін сұрап, ағайын-туыс, көршілермен қарым-қатынас жасап, мол сауапқа кенелуге болады. Сондай-ақ, қасиетті Құрбан айт мерекесінде аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық шаралары көрсетіледі.

       Құрбан айттағы ең ізгі амал - құрбан шалу. Осыған байланысты мал союға арналған арнайы орындар әзірленген. Атап айтсақ, қала тұрғындары үшін Белкөл кентінде 2 қасапхана қызмет көрсететін болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін дер кезінде тарату мақсатында арнайы еріктілер тобы жасақталды. Мұнан бөлек, мерекеге орай «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде спорттық сайыстар ұйымдастырылады.