Бүгін облыс орталығында алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды. Сондай-ақ, сол жағалауда көпқабатты он жаңа тұрғын үй ел игілігіне берілді. Салтанатты шараға аймақ басшысы қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.

 Президент пәрменімен ұлттық жоба аясында салынған 900 орындық мектеп пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар мен зертханалар, шеберханалармен қамтылған. Әрбір оқушы үшін арнайы жеке заттары мен оқулықтарын сақтауға арналған шкафтар орнатылған. Бұл оқушылардың ауыр сөмкелерін біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жалпы өңіріміз бойынша 2023-2025 жыл аралығында 15 мың 100 орынға арналған заманауи үлгідегі 21 мектеп салынбақ. Бұл жобаны «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын болады. Мектептің ашылу салтанатында облыс әкімі саладағы серпінді бастамаларға тоқталды.

Сондай-ақ, бүгін 470 отбасы қоныс тойын тойлап, жаңа пәтер иелеріне облыс әкімі баспана кілтін табыстады. Бұл туралы алдағы шығарылымда толығырақ айтатын боламыз.