«Ғылымның болашағы: жаңашыл идеялар мен ғылыми серпілістер». Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығымен бірлесіп осындай тақырыпта ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді. Жиында университет ғалымдары баяндама жасап, тәжірибесімен бөлісті.
Мектеп мұғалімдері тарапынан ғылыми жобалар қорғау кезінде ғылыми жұмыстар мен мақалалар жазуда қателіктер кетіп жатады. Семинардың мақсаты осы олқылықтың орнын толтырып, жоба жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету, дұрыс бағыт бағдар беру.
БАЯН НИЯЗОВА, «ДАРЫН» ОБЛЫСТЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ \ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор ғалымдарымен бірлескен ғылыми мақалаларды жазудағы ерекшеліктер, басымдық бағыттары талқыланады.
Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев «Ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптар» тақырыбында баяндама жасады. Спикердің сөзінше қандай да бір ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу үшін ең әуелі үлкен дайындық керек. Содан кейін тақырып таңдау маңызды.
ҒАБИТ ТҰЯҚБАЕВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ Ғылыми мақаланың тақырыбы мен идеяның арасында бірлік болу керек.
Семинарға қатысушылар пленарлық отырыстан кейін жас ғалымдардың ғылыми жобаларымен танысты.