Ардагерлер кеңесінің кезекті кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері мен ардагерлер ұйымдарының белсенділері қатысты.

 Жиында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» жолдауынан туындайтын ардагерлер ұйымдарының міндеттері баяндалды. Сондай-ақ, ардагерлер кеңесінің соңғы тоғыз айда атқарылған жұмыстарына есеп берілді. Жиын соңында ардагерлердің қоғамдық саяси шараларға қатысуын қамтамасыз етіп, аймақтағы саяси тұрақтылықты сақтауға үлесін қосып жүрген бірқатар азамат марапатталды.

 СЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

 Ардагерлер кеңесінің ережесіне сәйкес әр тоқсан сайын осындай алқа өткізілуі керек. Біз бүгін сол межелі алқаны өткізіп жатырмыз. Бұл кеңейтілген алқа, оған бүкіл аудандардың төрағалары шақырылып отыр. Бүкіл аудандарда алқа мүшелері онлайн платформа арқылы қатысып отырады. Өйткені барлығынанда хабардар болу керек. Сондықтанда осындай шешімді қабылдап осы бағытта жұмыстар жасап жатырмыз.

 КЕНЖӘЛІ ЕРІМБЕТОВ – АРДАГЕР

Әрқашанда ардагерлерге көңіл бөлініп жатқаны, оның ішінде қазіргі Сыр бойы ардагерлері әрқашанда жолдау аясында жұмыс жасап, әсіресе жастар тәрбиесі жөніндегі мәселелерге көп-көңіл бөліп, өздерінің белсенділігін әрқашан танытып келеді. Біздің облыстық ардагерлер кеңесі жыл бойы, тынбай жұмыс істейді деп мен айтар едім. Биылғы жылдың ерекшелігі біз мынау көршілес Ұлытау өңіріне барып, сол жақта тарихи орындарды аралап қайттық. Сол жердегі тарихи орындарды аралаудың өзі біздің мынау облыс ардагерлеріне үлкен рухани күш сыйлады.