Энергетика министрі елде тағы бір мұнай өңдейтін зауыт ашуды ұсынды. Оның айтуынша, жаңа кәсіпорынның құрылысын 2030 жылға дейін бастау керек. Әйтпесе, елде жанармай тапшылығы болуы әбден мүмкін. Егер қуаттылығы жылына 10 млн тонналық зауыт ашылса, мұнай өнімдерінен тарықпаймыз. Сондықтан, жаңа кәсіпорынның жобасын алдағы 5-6 жылдың көлемінде жоспарлап, 2032 жылы құрылысты бастау керек,-деді министр.
АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ
//2030-2036 жылдары дизель отынына қажеттілік жылына қосымша 2 млн тоннаға артады. Бұл 2050 жылға дейін қажеттілік жыл сайын 300-350 мың тоннаға өседі деген сөз. Яғни, 200 мың тонна дизель тапшылығы тундайды. Сондықтан сырттан импорттауға тура келеді. Ал, егер жаңа мұнай өңдеу зауытын салсақ мәселе оңтайлы шешілмек. Жаңа зауыт Батыс Қазақстан облысында бой көтеруі мүмкін//