#ауылшаруашылығы #субөгеттері #отандықөнім #жаңалықтар #qyzylordatv

 «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы фракциясының депутаттары Анас Бекқожаев пен Таңсәуле Серіков өңірге жұмыс сапары аясында Қызылорда механикалық зауытында болып, жұмысшылармен кездесті.

 Қызылорда механикалық зауыты ауыл шаруашылығына және су бөгеттеріне қажетті қосалқы бөлшектерді дайындайды. Аумағы 5 мың шаршы метр болатын өндіріс орны автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейді. Дегенмен зауыт ғимараты әбден ескірген.

 АНАС БЕКҚОЖАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Қазіргі таңда өнімнің сапасына қарай, стандарттық талаптар бар соған сәйкес келу үшін модернизациядан өткізу керек. Демек, бұл мекеменің осы жағдайын ескере отырып, тиісті ұсыныстарды біз дайындап беруіміз керек. Негізгі мақсатымыз осы.

Қосалқы бөлшектерді дайындау барысында жоғары сапалы шойын және темір құймалары пайдаланылуда. Шикізат Ресей мемлекетінен тасымалданып жатыр. Алайда дайын болған өнімнің 10 пайызға жуығы ғана сырт елдерге экспортталады. Сол үшін алдағы уақытта зауыттың экспорттық әлеуетін де арттыру керек, дейді мәжіліс депутаттары.

АНАС БЕКҚОЖАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Қазақстандағы су бөгеттерінің құралдарын шығаратын жалғыз мекеме осы. Дегенмен, экспорттық тұрғыда Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз етсе де, әлі де өсуге әлеуеті бар. Оны біз дамытуымыз керек. Екінші мемлекет тарапынан индустриялық жобаларды қолдау керек. Қазіргі таңда 1,4 трлн теңгеге бірнеше жоба қарастырылуда. Бірақ, оның кейбіреуі өндіріске түк қатысы жоқ. Бұл туралы біз парламентте талқылау өткізгенбіз. Кейбір жобаларға біз түбегейлі қарсымыз. Себебі, олардан шығатын өнім де, экспортта ешқандай бюджетке пайдасы жоқ. Сондықтан біз осындай мекемелерді дамытуымыз керек. Осындай мекемелерге арзан ақша беріп, кәсіпкерді кішкене сүйімелдеу керек.

 Депутаттар кәсіпорын ұжымымен кездесуде өндіріс саласын өркендетуге серпін беретін жобаларға мемлекеттен қолдау болатынын жеткізді.