#qyzylordatv #жаңалықтар #news #оқу-жаттығуы #сүңгуірлер #қызылорда
Аязды күні сүңгуірлер мұзды суға түсіп, оқу-жаттығу жиынын өткізді. Тілші репортажында толығырақ.
Қара суықта мұздай судан сескенбейтін сүңгуірлер көп кідірместен оқу-жаттығуға кірісіп кетті. Жедел құтқару жасағы су астында құтқару жұмыстарының қалай жүзеге асатынын көрсетті.
МЕЙРАМБЕК ДОСПЕНБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД «ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ» БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі таңда жедел-құтқару жасағында барлығы 57 сүңгуір водалаз бар. Солардың бәрі график, кезекшілікке байланысты осындай мұз астындағы авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге осындай сабақтар өткізіп тұрады. Қалғандария көлінде оқу-жаттығу өткізіліп жатыр, мұздың қалыңдығы -20 см, судың температурасы + 2 , сырттағы ауа райы – 6 градусты көрсетіп тұр, алдағы уақытта құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылар әрқашанда кәсіби дайындықтарын арттырып, жұмыс жүргізіп келеді.
Төтеншеліктер кез-келген сәтте адам өмірін құтқаруға сақадай сай тұруы тиіс. 5 жылдан бері осы салада қызмет етіп келе жатқан Әділет Ораз мұндай оқу-жаттығу жиындары құтқарушыларды ширатады дейді.
ӘДІЛЕТ ОРАЗ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД «ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ» ҚҰТҚАРУШЫСЫ
сүңгуір оқу-жаттығуы. Бұл оқу жаттығуы өзінің пайдасы осы қай уақытта да дайын болу, құтқарушыларды дайындыққа жетелеу. Мұздың қалыңдығын білеміз және судың температурасын білеміз, тереңдігіне жұмыс істейміз 00.33 Құтқарушы мезгіл таңдамайды, қай кезде де құтқарушы өзінің қызметін атқарады, біз уақыт таңдамаймыз , қай уақытта вызов келеді соған қарай жұмыс істейміз
Мына біз тұрған көлде мұз біркелкі емес. Жағалауда қалың болғанымен, орта жағы қауіпті. Ал мұздың беріктігін осылай аяқпен тексеруге болмайды. Егер астында су көрініп жатса, мұздың жұқа екенін білдіреді. Мұндай жағдайда аяқты мұздан ажыратпай, сырғып қана келген ізіңізбен дереу қайта кету керек.
Былтыр облыс бойынша 24 адам суға батып кеткен. Оның екеуі абайсызда мұз ойығына түсіп кетіп, қаза тапты. Сондықтан мамандар су айдындарына шығар кезде мұздың қалыңдығына көз жеткізіп, ара қашықтықты сақтау керектігін ескертеді.