«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында жәрмеңке өткізді.
Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлар өңірлік тұрақтандыру қорынан алыған. Күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері халыққа тиімді бағада босатылды. Мәселен, картоп 177, басты пияз 115, сәбіз 132, күріш 380 теңгеден сатылды. Бал мен балықтың да бағасы қолжетімді. Жәрмеңкеде картопқа сұраныс жоғары болды. Ұйымдастырушылар апта сайын 10-15 тонна картоп сатылып кететіндігін айтады. Бағаны тұрақтандыруға бағытталған азық-түлік жәрмеңкесі алдағы сенбі күні де өткізіледі.