#qyzylordatv #news #қызылорда #жанылыктар#айыппұл #рейд#атаана
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында күшейтілген түрде рейд жұмыстары жүргізілуде. Бір аптаның ішінде 27 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылып, 5 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды.
Мобильді топ түнгі мезгілде жастар көп шоғырланатын ойын-сауық орындарын бақылады. Әсіресе, компьютер клубтары назарға алынды. Заң бойынша кешкі оннан кейін жасөспірімдерге ойын-сауық орталықтарына баруға шектеу қойылған. Алайда лоундж барда түнгі уақытта 18 жасқа толмаған жасөспірімнің қызмет етіп жүргені анықталды.
«18-ге толмағансыз ғой. Иә. Бірақ сіз жаңа маған құжат көрсеттіңіз ғой. Көрсетіңізші тағы».
Ұсталған жасөспірім полиция бақылау пунктіне жеткізіліп, ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды.
«Байтұрсынов көшесінде орналасқан бар ішінде тексеру барысында бір жасөспірім қыздың 18 жасқа толмағаны анықталып, қазіргі таңда полиция пунктіне әкеліп, заңды өкілдерін шақыртудамыз. Әкімшілік хаттама толтырылады».
Сенбі-жексенбі күндері қала көшелерінде бақылаусыз жүрген бала көп. Рейд барысында түнгі сағат он бірден кейін ата-ананың бақылауынсыз жүрген бірнеше баланы байқадық. Олар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, ата-анасына табысталды.
«жалпы бұл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заң және тәртіп акциясы аясында осы Қызылорда облысы бойынша 11-17 ақпан аралығында түнгі рейдтік шаралыр өткізілуде. Яғни жастар арасында құқықбұзышылықтың алдын алу. Қазіргі таңда жергілікті полиция департаментімен бірге облыстық әкмішлікпен бірлесіп түнгі рейдтік шараларын тұрақты түрде жүргізіп жатырмыз».
Апта барысында 32 жасөспірім беймезгіл уақытта ата-анасының бақылауынсыз жүргені анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жағдай екінші рет қайталанса, ескертумен шектелмей ата-анасы айыппұл арқалайды.