Қызылордада 120 бастан астам киік атқан күдіктілер ұсталды. Полиция қызметкерлері жедел мәліметтерге сәйкес күдікті ретінде қала орталығындағы көшелердің бірінде Volkswagen Crafter автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру барысында көлік ішінен 39 дана киік анықталған. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің үйінен тағы да 84 бас атылған киік табылды. Қазір бұл іске қатысы бар күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеп-тексеру амалдары жүруде.
СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
// Тексеру барысында көлік ішінен 39 дана киікке ұқсас жануардың өлі денесі анықталған. Әрі қарай осы күдіктілердің бірінің үйінде 84 дана киік жануарларына ұқсан өлі денелері, 14 дана бас бөліктері және 6 дана терісі анықталды. Облыстың 3 күдікті тұлғасы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.//