«Қолдау жастарды қашанда қанаттандырады». Бұл қызылордалық жас ғалым Алтынай Орынбаеваның пайымы. Ғылым жолына түскен ол жуырда ғана мемлекет басшының қатысуымен өткен салтанатты шарада «Шапағат» медалімен марапатталды. Еңбегі еленген жас ғалыммен тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы кездесіп қайтты.

Алтынай Орынбаева. Аядай ғана Қаратерең ауылының қызы үлкен істердің ұйытқысына айналған. Ол облыстық тілдерді оқыту орталығында 5 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір ғылыми-әдістемелік бөлімнің басшысы. Тіл саясатын орнықты жүргізуге бағытталған бірнеше ғылыми-әдістемелік құралдың, мақаланың авторы.

АЛТЫНАЙ ОРЫНБАЕВА - ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ сөз және сөйлеу мәдениетінің С1 деңгейіне арналған оқулығымыздың мақсаты да сол әлеуметтік желіде, сөздерің қалай жазылуы, бағыттар береміз. Оның ішінде, қате қолданыстағы сөздерді назарға ала отырып, жұмыс жасауға бағыт жасаймыз.

 Жас ғалымның жеткен жетістігі аз емес. 2022 жылы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға арналған оқытушылар арасындағы республикалық байқауда топ жарып, аймақ мерейін асырды. Ал, жуырда ғана ғылымдағы жеткен жетістігі үшін Алтынай Орынбаева «Шапағат» медалін иеленді.

 АЛТЫНАЙ ОРЫНБАЕВА - ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ / Тоқтаусыз жасалған жұмыстардың нәтижесінде тілге үлес қосқан жас буын ретінде осы марапатқа ұсынылдым. // Ақорданың төрінде, оның үстіне, көктемнің шуақты мерекесінің қарсаңында осындай марапат алу үлкен мәртебе. Осы кезге дейін жасап келе жатқан жұмысымыздың үлкен бір тәтті жемісі болса, алдағы уақытта жасалатын жұмысымызға жаңа бір серпін береді.

 МАРТАНА ДӘУЛЕТБАЕВА - ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //Алтынайға келсек, қашан көрсең де ұқыпты. Ғылыми жағын басымдық берген. Технология дамыған заман. Жай ғана әдіспен оқыту мүмкін емес. Әр оқытушы дайындаған сабақтарын бұл ғылымиландырып, өзі ізденісте жүреді. Және соны республикаға шығарып отырады.

Бүгінде Алтынай Романқызы әріптесімен бірге жаңа жоба дайындап жатыр. Жинақ алдағы уақытта жарық көреді. Осылайша, жас ғалым тіл саясатының жаңа бір кезеңіне жол ашпақ.