Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында жаңа премьера! Өнер ұжымы Рудольф Эрих Распенің «Мюнхаузеннің әлемі» атты ертегісін сахналады. Бұл – шындық пен қиялдың шекарасы жойылған ғажайыпқа толы әлем жайындағы қойылым.
Бұғының мүйізінен алма өсіп шықты, балық бүтін бір кемені жұтты, ал шөптер айға дейін жетті! Сену қиын, бірақ саяхатшы Мюнхаузен мұның бәрін өз көзімен көрген. Осындай қызықты әрі қиял-ғажайып туындыны көрерменге ұсынған театрдың жас режиссері, Қазақстан сыншыларының «Жаңа есім» номинациясының иегері – Жәнібек Махамбетияр.
ЖӘНІБЕК МАХАМБЕТИЯР –РЕЖИССЕР //Бұл шығарама әлемдік бестселлер,классикалық балалар шығармасы. Бұл жас категориясын талдамайды. Бұл қойылым балалардың қиялына негізделген шығарма балалардың өз әлеміне шарықтауға, армандауға қиялдауға жетелейтін туынды. Біз енді барынша спектакльді цирк пен драмалықты ұштастырып келтірдік.
«Мюнхаузеннің әлемі» – жас көрерменді таңғажайып оқиғаларға жетелейтін буффонада ертегі. Қызығы, оқиғалар шым-шытырық, бірде Мюнхаузен Қармақшыда күріш ексе, бірде пингвиндермен кәсіп бастайды.
МҰХАМЕДИЯР ӘБСАТТАРОВ – АКТЕР
Бұл рөлді ойнау маған еш қиындық келтірмеді, өйткені мен физикалық театр әртісін бітірдім және физикалық, классикалық тұрғыдан да өте ыңғайлы болды. Біз бұл спекткальге дайындықты 1,5- 2 ай дайындалдық және дайындықты күніге жасадық десек болады.
Қойылымда сахнаның әрбір бөлшегі, актерлердің шапшаң қимылдары мен сахналық киімдері көрерменді ерекше атмосфераға жетеледі.
Ертегі – ол асқақ қиял әлемі болса, театр сол шексіздікті шынайылыққа айналдыратын сиқырлы мекен. Ал «Мюнхаузеннің әлемі» көрерменге батылдық пен сенімнің, ой еркіндігінің маңыздылығын көрсетті.