#qyzylordatv
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев әскерилермен және сырбойылық сақшылармен кездесті. Онда Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды іске асыру жайы талқыға түсті.
Биыл Бурабайда өткен басқосу мемлекет басшысы біршама маңызды мәселелерді көтерді. Президент салық саясаты, денсаулық сақтау, өнер мен мәдениет саласынан бөлек, ұрпақ тәрибесіне ерекше екпін берді. Бұл ретте «Адал азамат» бағдарламасы тәрбие жұмыстарының темірқазығына айналмақ.
МӘЛІК ОТАРБАЕВ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ////Адалдықтың мағынасы өте терең. Адалдық дегеніміз не? Адалдық дегеніміз тазалық, ең біріншіден. Адалдық дегеніміз ішкі мәдениеттің дамытып отыру. Дамытпасақ, адам деградацияға ұшырайды. Адам баласы кемелденбесе, өмірден үміт үзеді. Сенімнен айырылады.
Мемлекет басшысы құрылтайда «Заң мен тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз» екенін тағы да еске салды. Әсіресе, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Тағы бір түйткіл - соңғы жылдары елімізде интернет арқылы алдап-арбау жиіледі. Қылмыстың алдын алу бағытында аймақта кешенді шаралар іске асырылып жатыр.
ЕРМАХАН АБДРАМАНОВ – ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /// Жалпы тіркелген құқықбұзушылықтардың 37 пайызын алаяқтық қылмыстары құрайды.
Кездесуде сала ардагерлері мен полиция қызметкерлері патриоттық, әділеттік пен сабақтастық тақырыбында пікір алмасып, ой бөлісті. Өз кезегінде президент кеңесшісі қоғамдық тәртіпті қадағалауға үлес қосып жүрген қызметкерлерге алғысын білдірді.