#qyzylordatv

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері облыстық экология департаментінде болып, зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің жұмысымен танысты.

Студенттер алдымен жылжымалы экологиялық лабораторияға экскурсия жасады. Зертхана мамандары ауаның ластану пайызын өлшеу құралдарын, сынама алу тәртібі мен оларға талдау жүргізудің түрлі әдістерін көрсетті. Одан соң «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Экологиялық сағат» өткізілді. Кездесуде экологиялық мәдениетті арттыруға ерекше көңіл бөлу керектігі сөз болды. Сондай-ақ, мамандар ғимарат ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, жастарға өсімдікті қалай күтіп-баптау керектігін түсіндірді.

 ҚУАНЫШ БӨРІБАЙ – ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

//атаңнан мал қалғанша тал қалсын деген сияқты, елімізге, жерімізге, өзіміздің теңіздің тамшысындай болсын үлесімізді қосып, көгеруге, көгалдандыруға облысымызды, өңірімізді белсене ат салысып жатқан жайымыз бар//