#qyzylordatv

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дарынды әнші, композитор Батырхан Шөкеновтің өмірден озғанына он жыл. Осыған орай саналы ғұмырын өнерге арнаған біртуар азаматты еске алу шарасы өтті.

 Батырхан Шөкенов – Сыр топырағында туып, өнерімен талайды мойындатқан талант иесі. Оның өлеңдері тек қазақ эстрадасында ғана емес, алыс-жақын шетелде әлі күнге дейін танымал. Осыдан он жыл бұрын дәл осы күні Мәскеу қаласында әнші келместің кемесіне мініп кете барды. Бірақ оның жарқын бейнесі ел есінде, жұрт жадында мәңгі сақталады. Қала орталығындағы өнер иесінің атымен аталған саябақта жиналғандар оны құрметпен еске алды. Композитордың рухына арналған тағзым гүлі қойылып, музыканттың әндері шырқалды.

БАҚЫТЖАН ОМАРОВ - ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

// Қазақтың атын ол әлемге танытты, Батырхан ағамыз арамызда жүргенде киелі сахнаға талай шәкірт тәрбиелеуші еді, Батырханға еліктеп, ол сияқты биік әнші болам дейтіндер қарасы көп болды.Ол шығармашылығынан бөлек қоғамдық істерге де белсене араласты. Батырхан ағамыздың бейнесі әрбір қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады.//

 МҮСІРӘЛІ ШӨКЕНОВ - Б.ШӨКЕНОВТЫҢ АҒАСЫ

// Көп айтуға болады ғой Батырхан туралы, школда оқып жүргенде Балдырғаннан бастады ансамбльден, жас кезінде велосипед айдап, велоспортпен айналысатын, футбол ойнайтын. Өзі кеткенімен артында өлеңдері, композициялары қалды//