#qyzylordatv

Жаңақорғанда анар ағашы өсіріліп жатыр. Мемлекет қолдауының арқасында аудан тұрғыны Наурызбек Айымбетов субтропикалық жемісті жерсіндіріп, күзде алғашқы өнімін жинамақ. Одан бөлек грек жаңғағын күтіп-баптауда.

Наурызбек Айымбетовтың ауласы кірсе шыққысыз. Жылыжайда қызанақ-қияр, есік алдында жүзім жайқалып тұр. Алмұрт өз алдына, биыл грек жаңғағы мен «жемістердің патшасы» анар ағашы жақсы түйнек салыпты. Бұл ағаштардың тамыр тартып, бұтақ жаюына қолайлы жағдай жасау үшін отбасы біраз тер төккен.

 НАУРЫЗБЕК АЙЫМБЕТОВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР // 2020-дан бастағанбыз. Бізде отбасылық бизнес. Пенсиядағы әке-шешем, келіншегім, інім қосылып жатыр. 2023 жылдан бастап «Ауыл аманатының» жеңілдетілген несиесін алып, 8 сотық жылыжайға біріңғай қияр егілді. Өнімдер біріңғай өзіміздің ауданға таратылады. Дүкендерге, үй жақтан келіп алатындар да бар. Бақшада алмұрт, өріктің 7-8 түрі, алманың 5-6 түрі бар, анар бар, жүзімнің 5-6 сорты бар. Грек жаңғағын да ектік, былтыр гүлдеді, биыл түйнек салды. Өнім береді деп отырмыз//

Жалпы еліміздегі жылыжайдың басым бөлігі оңтүстік өңірлерде орналасқан. Жылыжайды салу, оны жабдықтау оңай шаруа емес. Дегенмен оның тиімділігін көрген жаңақорғандықтар биыл бір гектар жерге салмақшы. Оған қытайлық инвесторлар қолғабыс етпек.

 МАРЛЕН НҰРТАЗАЕВ – АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ // Аудан бойынша 6 жарым мың кәсіпкерлік тіркелген. Оның 96 пайызы жұмыс жасап тұр. Одан бөлек 55 жобадай жобаға ұсыным өткізіп қойдық. Биылға іске қосылатын темір-бетон зауыты бар. Шілде айында қосылады деген жоспарымыз бар. Сонымен қатар, асфальт-бетон зауыты қыркүйек айында қосылад деген жоспар бар. Қытай компаниясымен тағы келісімге келдік, 1 гектарға теплица салам деп отыр. Сонымен қатар, сок шығаратын цехты алып келеміз деп отырмыз//

 Жалпы аудан бойынша шағын және орта бизнесті қолдау қарқыны жылдан жылға артып келеді. Сәйкесінше нарықта сапалы өнім өндіруге ден қойылуда. Ал, жеке кәсіпкер Наурызбек Айымбетов мемлекеттің қолдауымен енді жылыжай аумағын кеңейту жолдарын қарастырып жатыр.