#qyzylordatv
Қалалық полиция басқармасы жанындағы жедел басқару орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қайта жаңғыртылып, заманауи технологиялармен жабдықталған нысанның жұмысымен танысты.
Атап өту керек, еліміз бойынша алғаш болып облыстың барлық ауданында жедел басқару орталықтары ашылды. Әр ауданда жетпістің үстінде бейнебақылау камерасы орнатылды. Нәтижесінде жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 22 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жергілікті бюджет есебінен тағы да бірқатар жобаларды жүзеге асырылмақ. Атап айтсақ, 1400 бейнебақылау камерасы, 20 «Зияткерлік қиылыс» және 58 стационарлық жылдамдық өлшегіш, жасанды интеллектке негізделген бейнеаналитикалық жүйе орнатылады.
ДӘУЛЕТ ПАЗЫЛХАН, ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ \Ол камералар енді заман талабына сай болып есептеледі. Түнгі түсірілімді де жүргізе береді. Құқық бұзушылықтың әсіресе түнгі мезгілде жол жүру ережесін бұзғандарды анықтайды.....Қазіргі уақытта орталықта 55 қызметкер бар. Олар үш аусымда жұмыс істейді\