#qyzylordatv

Бұдан бөлек, конференция аясында "Ұлттық диктант" республикалық жобасының ашылу салтанаты өтті. Енді кез келген азамат "Тіл кз" сайты арқылы онлайн диктант жазып, грамматиканы қаншалықты білетінін тексере алады.

 Жобаның мақсаты - қазақ тілінде сауатты жазуды насихаттап, ұлттық бірегейлікті нығайту. Айта кетсек, бұл іс-шара Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 153 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.