Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Еуроодақ елшілері Бесарық ауылындағы кәсіпкерлік және инвестициялық жобалармен танысты.
Іс-шара барысында делегация «Адал адам» мәдени орталығында болып, арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеге музей қорындағы құнды жәдігерлер қойылып, өңірдің тарихи-мәдени мұрасы таныстырылды. Көрме аясында асық ату, алтыбақан секілді ұлттық ойындар ойналып, дәстүр дәріптелді. Мәртебелі меймандар тұсаукесер рәсіміне де қатысты.
МИХАЛ ЛАБЕНДА – ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ
//Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Біз мәдениет үйіне бардық. Зейнетке шыққан адамдар немен айналысады, әжелер ансабльі, содан кейін ағаштан әртүрлі нәрселер жасайтын ағаш шебері бар екен соны көрдік. Ол кісі бізге қазақ дәстүрлері туралы айтты. біз Тұсаукесер дәстүріне қатыстық, Еуропалық Одақ елшісі тұсауын кесті. Яғни біз осы жерге келіп, ұнатпайтын нәрсе жоқ барлығы көңілімізден шықты. //
Сонымен қатар ауылдағы қолғап, шұлық, пластик ыдыс, сабын және ағаш бұйымдарын өндіретін шағын және орта бизнес нысандары таныстырылды. Бұл жобалар тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған.
МАДАЛИНА ЛУПУ, РУМЫНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ
//Ең алдымен, бізді Қызылорда қаласында өте жылы қарсы алғандарыңыз үшін үлкен рахмет айтамыз.Қызылорда облысы бізге қатты ұнады. Қала да, облыс та жақсы дамып келеді. Көптеген жетістіктерді көрдік, соған қуаныштымыз. Мәдениет үйіне бардық, сондай-ақ жастар спортпен айналысатын орындарды көрдік. Қазақстан жерінде, әсіресе Қызылордада, бізге көрсетілген жылы қабылдау ерекше әсер қалдырды. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы көп нәрсе білдік.//
ЭГИДИЮС НАВИКАС, ЛАТВИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ
// Бесарыққа келгеніме өте қуаныштымын. Бұл жер маған қатты ұнады. Мұнда тек өндіріс қана емес, халықтың өнерге жақын екенін де көрдім. Күріш шаруашылығымен, сондай-ақ бал, қаймақ сияқты өнім шығаратын жергілікті адамдармен таныстым.02: 24 Көрмеде көп зат ала алмадым, бірақ қазақтың ұлттық сусындары – қымыз бен шұбаттың дәмін татып көрдім. Маған өте ұнады.Сонымен қатар тұсаукесер дәстүрін көрдім. Бұл сәбидің алғашқы қадамын атап өтетін жақсы дәстүр екен. Біздің елде де осындай ұқсас салттар бар.//
Иә, қазақтың берекесі ауылда. Ал, Бесарықтың қонақжайлығы әр мейманды құрметке бөледі. Бұл да болса инвестиция тартуға жасалған және бір қадам.