Облыс орталығында жарық шамдарын сындырған бұзақылар құрықталды. Таңғы 5-тің шамасында «102» арнасына жергілікті тұрғындар хабарласып, «Мәңгілік алау» саябағындағы жарық шамдарын белгісіз азаматтардың сындырып жатқанын айтқан. Қызылордалық полицейлер хабарлама бойынша 5 күдіктіні анықтап, оның үшеуін ұстады. Қалғаны іздестірілуде. Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабымен, яғни бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеп -тексеру әрекеттері жүргізілуде.