Негізгі Жаңалықтар Мұнайшыларға құқықтық кеңес берілді

Мұнайшыларға құқықтық кеңес берілді

#qyzylordatv #заңментәртіп 

«Заң және тәртіп» қағидатын қоғам арасында кеңінен

насихаттау мақсатында облыстық Әділет департаментінің өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесті.


 «Қазгермұнай» компаниясының қызметкерлері вахталық әдіспен Ақшабұлақ кенішінде жұмыс істейді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының нормалары түсіндіріліп, ондағы негізгі өзгерістер мен азаматтардың құқықтары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, Әділет департаментінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Еңбек заңнамасын сақтауға қатысты сауалдар қойылып, мамандар нақты әрі толық жауап берді.

Бөлісу