Негізгі Жаңалықтар Қала ардагерлері зейнеткер мұнайшылардың жұмысымен танысты

Қала ардагерлері зейнеткер мұнайшылардың жұмысымен танысты

#qyzylordatv 

Қызылордада бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмысы талқыланды. Семинар қаланың ең ірі ардагерлер ұйымдарының бірі орналасқан PetroKazakhstan ғимаратында өтті. 


 Бүгінде қалалық ардагерлер кеңесінің құрамында 265 бастауыш ұйымы бар. Онда 28 мың зейнеткер тірлкелген. Олар «ПетроҚазақстан» бастауыш ардагерлер ұйымының жұмыс барысымен танысты. Аталмыш кәсіпорында бастауыш ұйымы 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда 300-ден астам ардагерге жайлы жағдай жасап отыр. Соның бірі - спорт кешені. Кәсіпорыннан зейнетке шыққан ардагерлер қалаған уақытында осында келіп, спортпен айналысады. Тіпті, түрлі үйірмелерге қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жұмыстар басқа ұйымдарға тәжірибе ретінде таныстырылды.


ӨМІРБЕК ШӘМЕНОВ – ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 

 265 бастауыш ұйымында қандай жұмыстар жүргізілуі керек, ардагерлерге қандай қызмет жасауымыз керек, қандай қамқорлық жасалуы керек, бастауыш ұйымында іс-қағаздар қандай болуы керек, осы жұмыстардың бәрін «ПетроҚазақстан» бастауыш ұйымында қалалық ардагерлер ұйымының семинарын ұйымдастырып жатырмыз. 


«ПетроҚазақстан» өңірдегі іргелі компаниялардың бірі. Қара алтын өндірісінде өркен жайған кәсіпорын әрбір қызметкердің еңбегін ескерусіз қалдырмайды. Әсіресе, қажырлы еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагерлерге құрмет ерек. Уақытында жер қойнауының қара алтынын игеріп, ел ырзығын еселеуге елеулі үлес қосқан жандарға қарттық шақта қарайласып келеді. Мәселен, қазыналы қарияларға жылына екі мәрте әлеуметтік пакет үлестіріледі. Ал, қарттар күнінде қаржы беріледі екен.


 ҚЫДЫРКҮЛ ЖАБАҒИЕВА – «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН» БАСТАУЫШ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Курортқа баруға 35 МРП әр зейнеткерге беріледі. Қарттар күніне байланысты. Құмкөлдің ашылуының басы-қасында тұрған, инженерлеріміз, өндіріс қызметкерлері солар алғашқы қарлығаштар. Соларға арнап стенд аштық. 40 адамнан тұратын суреттерін іліп, құрмет тақтасы сияқты ғой, соны өзімізге іліп қойдық.


 Мұнан соң ардагерлер аймақта мұнай өнеркәсібінің негізін қалаған Мұрат Саламатовтың атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжіне барды. Жеті қатпар жерден қара алтынды өндіру ісінде табан аудармастан тер төгіп, білікті мамандар даярлаған арда азаматтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 


Бөлісу