Негізгі Жаңалықтар Отбасылық эстафета

Отбасылық эстафета

#qyzylordatv 

Отбасы күніне арналған апталық спорттық эстафетамен жалғасты. Ата-аналар мен балалардан құралған жеті отбасылық команда «Толағай» жарысында бақ сынады. Қатысушылар жылдамдықты, ептілікті және өзара үйлесімді әрекет ету қабілетін сынайтын төрт кезеңде сайысқа түсті.


 Қатысушылар үшін әр кезең жаңа сынақпен ерекшеленді. Ата-аналар мен балалар жылдамдық пен ептілікті сынайтын тапсырмаларды орындай отырып, кедергілер жолағынан өтті. Үйлесімді командалық жұмыс табысқа жетудің кілті болғандықтан отбасының әрбір мүшесі тапсырманы тиянақты орындауға тырысып бақты. Командаларға жанкүйерлердің қолдауы да ерекше жігер берді. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен үздік нәтиже көрсеткендер анықталып, оларға сертификаттар, ақшалай сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай жарыстар балалар мен ата-аналарды бірлескен спорттық іс-шараларға және белсенді демалысқа тартуға көмектесетінін атап өтті.

Бөлісу