Кортеж қатысушылары жауапқа тартылды
#qyzylordatv #заңментәртіп
Қала орталығында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылды. Көлік жүргізушілер той кортежі кезінде қарсы бағытқа шығып, қауіпті маневр жасаған.
Бейнекадрдағы бұл жағдай 11 тамыз күні қала көшелерінде орын алған. Қымбат көлік тақымдап, ережені елемеген жүргізушілердің әрекетін жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнекамерамен анықтап, патрульдік полиция экипаждарына жедел хабарлама берген. Нәтижесінде 12 құқық бұзушыға қатысты 33 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 10 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
МҰРАТБЕК МАНАТОВ – ОПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Нәтижесінде кортежге қатысқан көлік құралдарының барлық жүргізушілері тоқтатылып, полицияға жеткізілді. 12 құқық бұзушыға қатысты 33 әкімшілік хаттама рәсімделіп, айыппұлдар салынды. 10 автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тексеру барысында қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневр жасау, авариялық жағдай туғызу, телефон пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау және басқа да жол ережесін бұзу фактілері анықталды