Сауатты, парасатты, білімді тұлға болып қалыптасу үшін кітап – таптырмас құрал. Кітап білім беріп қана қоймай, адамның жан-жақты дамып, өзін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Осы орайда, қазір жастар, балалар кітап оқи ма? Жалпы кітап оқу мәдениеті қай деңгейде? Тақырыпты тілшіміз зерттеп көрді.

КАРИМА ЖҰМАҒАЛИ – ТІЛШІ

//Бұл кітап – Әбділді Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорындағы ең ежелгі және сирек кездесетін қолжазбалардың бірі. Бұл кітап 1886 жылы жарық көрген. Жалпы адамзаттың қалыптасуында кітаптың атқарған ағартушылық рөлі зор. Ақылына ақы сұрамайтын қазынаны кітапханаға келіп оқитын жастар саны көп, дейді мамандар. //

АЙГҮЛ ЖАНҒАБЫЛОВА – Ә.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

//Күніге 300 оқырманға дейін қызмет көрсетеміз. Басым көпшілігі – жастар, 70 пайыздан асасы жастар келеді. Бір кездерде тоқырау болған шығар, соған байланысты көбісі ойлайды кітап оқымайды жастар деп. Қазір олай емес, жастарымыздың кітап оқуы жылдан жылға артып келеді. Өздерін дамыту, қайтсем байимын, болмаса қалай өзімді дамытам деген сияқты мотивациялық кітаптарды көп оқитын жастарымыз бір жылдары. Қазір енді өзгеріп, өзіміздің классика қазақ жазушыларының, сондай-ақ философияға, көркем әдебиеттен көп оқитын болды жастарымыз. //

Технология өркендеп тұрған заманда кітапты электронды оқитын оқырман көп. Дегенмен кітап сөрелері де кітапқа бай. Кітап дүкеніндегілер қымбат қазынаны сөреден сатып алушылар көбеймесе азаймаған.

АЙЖАН БУТАНТАЕВА – САТУШЫ

Негізі PDF форматта кітап оқитындар қазір азайған сияқты. Көбінесе осы жаққа келіп, кітапты ашып көріп, сатып алып, осылай кітап түрінде алатындар көп. Негізі мысалға бізде нақты бір спортқа байланысты, медицинаға байланысты кітаптар жоқ. Сондай кітаптарды сұрап келетіндер бар.

//Менің соңғы оқыған кітабым – «Махаббат, қызық мол жылдар». Ол кітаптан мен өте үлкен әсер алдым.//

//Маған негізі қаржылық, ақша туралы сондай мотивациялық кітаптар оқыған ұнайды. Ақшаны қалай жұмсау керек, қалай табуға болады соны біліп отырамын.//

//Кітап мен вообще оқымаймын. Мүлдем. Мен киноға жақынмын.//

//Маған әдеби кітаптар ұнайды. Өзім қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Сондықтан әдеби кітаптарды жақсы көрем.//

КАРИМА ЖҰМАҒАЛИ – ТІЛШІ

//Жастар кітап оқымайды деп шорт кесуге болмайды. Біреуге уақыт тапшы болса, енді бірі қазақ тіліндегі қызықты кітаптардың аздығынан деп түсіндіреді. Ізденімпаз, білімге құштар жастар да жоқ емес. Тек оқырман талабына сай кітаптар жиі жарық көрсе болғаны.//