Солтүстіктегі қос ауданды тіршілік нәрімен қамтып отырған «Арал-Сарыбұлақ» топтық су» құбыры тозып тұр. Сондықтан шұғыл арада жаңғырту жұмыстары жүргізілу тиіс. Жауапты мамандар бұған арнайы жоба әзірлеген. Оны іске асыруға шамамен 47 млрд теңге қажет.

БАУЫРЖАН ІЗМАҒАМБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Бізде «Арал-Сарбұлақ» деген өзекті мәселе бар. Ол бүкіл Арал Қазалы аудандарын сумен қамтиды. Қазір тозу деңгейі жоғары 90 пайыздан асқан. Апаттық жағдайлар көп орын алады. Қазір қаржыландыруға РБ бюджеттік өтінім ұсынып қойдық. 2024-ке 2 млрд теңгеге. РБ қолдаған жағдайда осы жоба жүзеге асырылатын болады.

Қазір Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр қаласы мен 204 елді мекен орталықтандырылған ауызсу желісіне қосылған. Қалған ауылдар 2025 жылдың соңына таман толықтай таза ауызсумен қамтылады. Қазіргі таңда Су ресурстары комитеті арқылы Арал ауданындағы 3 елді мекенге ауызсу құбыры тартылуда.

Мамандар халық санының өсуімен ауызсуға сұраныс жыл сайын көбейіп келе жатқанын айтады. Сондықтан тұрғындарды тіршілік нәрін тиімді пайдалануға шақырып отыр.