Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-27» жүк кемесі көкке көтерілді. «Союз-2.1а» зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді.

Жүк кемесінде станция жүйелеріне арналған жабдықтар, ғылыми эксперименттерге арналған төсемдер мен киім-кешек, 71-ші ұзақ экспедиция экипажына арналған медициналық және санитарлық-гигиеналық құралдар, станцияға жанармай құю үшін отын, ғарышкерлерге арналған ауыз су және Халықаралық ғарыш станциясы атмосферасын толықтыру үшін 40 келі азот бар. Ұшырылымға еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бастаған қазақстандық делегация арнайы барды.