Сондай-ақ, дәл осы жиында қызметінде салғырттыққа жол берген тағы бірнеше лауазым иесіне қатаң сөгіс берілді.

Алтыншы шілде күні Қазақстан лига кубогының топтық кезеңінде Сыр өңірінің «Қайсар» футбол командасы мен елорданың «Жеңісі» Қызылордада шеберлік байқасты. Ғани Мұратбаев атындағы орталық алаңда өткен футбол бәсекесінде кенет жарық өшіп, жұртшылық 40 минут бойы аңтарылып қалған. Осы келеңсіздікке жол берген облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов пен «Қызылорда электр тарату тораптары» мекемесінің басшысы Батыржан Қаракөзовке қатаң сөгіс берілді. Сондай-ақ, балалардың жиі суға кетуі мен білім саласында орын алған өзге де келеңсіздіктерге байланысты облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжановқа да қатаң сөгіс жарияланды.