Қазалыда Республика күніне орай бірқатар әлеуметтік нысан ашылды. Әйтеке би кентінде 120 пәтерлі 60 тұрғын үй пайдалануға берілсе, Абай ауылына газ кірді. Жұмыс сапарымен Қазалы ауданына барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындармен кездесіп, көпшіліктің қуанышына ортақтасты. Тілшіміз Әкімжан Жолтаев студиямен байланысқа шықты.