Бір адамға 10 сим-карта. Бұдан артық қажет емес. Бұл - цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің жауабы. Мәжілісте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков SIM-карта сатуға шектеу қоюды ұсынған еді.

 ЖАСЛАН МӘДИЕВ - ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ

Қазір бұл тұрғыда қандай да бір шешім қабылданған жоқ, бірақ менің ойымша, әрқайсымызға 10-нан артық SIM-картаның қажеті жоқ. Бұл көлем бір адамға жеткілікті, бірақ оны сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік органдар талқылайтын болады. Соның нәтижелері бойынша ұсыныс енгізілмек.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінде Цифрлық кодекс жобасын әзірлеу бойынша «Ашық код» сараптамалық алаңының таныстырылымы өтті. Ұыныстар талқыланды. Министрдің айтуынша, мұндай құжат басқа мемлекеттерде жоқ. Цифрлық кодекстің ішінде жасанды интелект, электронды кілт және басқа да мүмкіндіктерді одан әрі жетілдірілу көзделген.