19 қазан – Құтқарушылар күні. Кәсіби мерекеге арналған іс-шарада бейбіт күннің батырлары марапатталды.Тілші бейнематериалында толығырақ.

 Алдымен жиынға қатысушылар қызмет бабында қаза тапқан әріптестерін еске алып, «Отқа оранған өрендер» атты мемориалды ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Мұнан соң облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев құтқарушыларды төл мерекесімен құттықтады. Шара барысында қызметтік міндетін мінсіз орындап, жоғары нәтижелерге жеткен бірқатар қызметкер ведомстволық наградалармен марапатталды.

Енді біріне азаматтық қорғау органдарының арнаулы әскери шендері тапсырылды.

 ҚАНАТ ШАРАФАДИНҰЛЫ - СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен «Азаматтық қорғау подполковнигі шенін мерзімінен бұрын алып жатырмын. Барша құтқарушыларды кәсіби мерекемізбен құттықтаймын. Және де министрлік басшылығына, облыс басшылығына еңбегімді елеп-ескергені үшін алғысымды білдіремін.

Ал бесінші сынып оқушысы Айсұлтан Хұсайын «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. Он жастағы батыр екі жастағы бүлдіршінді суға батып бара жатқан жерінен құтқарған.

 АЙСҰЛТАН ХҰСАЙЫН - БЕСІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Бұл марапатты маған баланы судан құтқарғаным үшін берді. Бұл 2024 жылы жазда, шілде айында болған оқиға.00.36Мен өте қуаныштымын, құтқарушылар күні құтты болсын.

 ЖАСҰЛАН ТҮЙМЕНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өңірде сала мамандарының тарапынан 9 айда 1873 рет авариялық құтқару жұмыстарына шықты, 323 адам құтқарылды.201 адамға медициналық көмек көрсетілді. Өздеріңіз білесіздер, көктемгі су тасқыны кезінде мынау, Қостанай, Ақтөбе, Орал және Атырау облыстарында су тасқыны болды. Су тасқынына көмек беру мақсатында өңірден 104 қызметкер көмек қолын созуға аттанды. Қазіргі таңда материалдық базамыз толыққанды жабдықталған.

Жалпы бұл сала үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызметтегілер кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсетеді. Міне, бүгінгі күннің батырлары салтанатты шарадан соң да қауырт жұмысқа қайтадан кірісіп кетті.