Қазалыда Республика күні қарсаңында 120 пәтерлі 60 тұрғын үй пайдалануға берілді. Абай ауылы газ желісіне қосылып, тұрғындар көгілдір отынның игілігін көре бастады. Мұнан бөлек Әйтеке би кентінде стандартқа сай келетін жаңа спорт кешені ашылып, жастардың спортпен шұғылдануына үлкен мүмкіндік жасалды. Жұмыс сапарымен Қазалы ауданына барған облыс әкімі көпшіліктің қуанышына ортақтасып, игі бастамаларға сәттілік тіледі.