блыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. «Жұмысқа қойылатын басты талап жолдың сапалы болуы және құрылыстың уақытылы аяқталуы»,- деді аймақ басшысы. Осы орайда жауапты сала басшыларынан жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеу қатаң сұралады.

Облыс әкімі алдымен Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілхайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін нығайту, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесін реконструкциялау жұмыстарын көрді. Төрт жолақты жолдың ұзындығы – 6 шақырымнан астам, ені – 14 метр.

    Әрі қарай аймақ басшысы «Қызылорда-Жезқазған» аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта Бейбарыс сұлтан көшесі мен Жаппасбай батыр көшесінің қиылысындағы жол айрығынан бастап «Бәйтерек» ықшам ауданына өтетін көпірге дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары басталған. Төрт жолақты жолдың ұзындығы – 9,8 шақырым, ені – 14 метр. Бұл жоба бойынша жол салу құрылысында жаңа технологияларды пайдалану қарастырылған.

Сонымен қатар, аймақ басшысы «Қызылорда-Сексеуіл» аралығындағы жолды қайта жаңғырту, Қызылорда қаласы айналмалы жолы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстарымен танысты. Айналма жолдың бірінші учаскесі жобасының техникалық- экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өткен, жоба құны – 46,3 млрд. теңге.