20 және 22 жастағы екі бойжеткен 10 жылға сотталды. Олар интернет арқылы жұмыс істеп, ақша табуға кіріскен. Арнайы тапсырмаларды орындаған. Яғни, затты бір жерден екінші жерге жеткізіп отырған. Осы қызметі үшін жоғары табыс тауып жүрген.

Оңай жолмен ақша табуды көздеген екі қызда 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Себебі, олардың оңай жұмысы есірткі тасымалы болып шықты. Сотталушылар соттағы соңғы сөздерінде есірткі тасымалдап жүргендерін «кеш түсіндік» деп ақталды. Қатты өкінетіндерін айтты. Сондықтан, Бас прокуратура көп ақша төлейтін жұмысқа ұсыныс түссе, ойланыңыз деп ескертеді. Себебі, есірткі сатушылар интернет арқылы жоғарғы табыс табуға ұсыныс жасап, айласын іске асыруда. Абай болыңыздар.