Өзбекстанда 14-қыркүйек пен 6-қазан аралығында футзалдан әлем чемпионаты өтеді. Бүгін таңда ұлттық құрама Ташкентке аттанды.

Турнирдің жеребесі 26 мамыр күні Самарқанда тартылып, Қазақстан Д тобына түскен болатын. Ол бойынша ұлттық құрама Испания, Жаңа Зеландия және Ливиялықтармен кездеседі. Ойындар үш қалада: Ташкент, Бұхара, Андижанда өтеді. Турнир регламентіне сәйкес топтың екі үздік командасы плей-офф-қа жолдама алып, әрі қарай 1/8, 1/4, жартылай және финалдық ойындар болады.

    Айта кетейік, Пауло Рикардо Кака шәкірттері осыдан бірер күн бұрын Аргентина командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ел құрамасы ала доп аламанына жақсы көңіл-күймен бара жатыр.