Аймақтың жетекші арнасы «Qyzylorda» телеарнасында жаңа маусым басталды. Биыл төларнаның көрерменге тартуы көп. Көкжәшіктен көненің көзін, бүгінгінің сөзін таба аласыз. Сонымен, жаңа маусымда қандай жобалар көрерменге жол тартады? Тақырыпты тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы тарқатады...

Отыз жылдан аса тарихы бар төларна аймақтың алтын қорына құнды дүниелерді қаттады. Соның арқасында ақпарат кеңістігінде өз жолын қалыптастырып, көрермен көзайымына айналды. Жаңа маусымда да жарқын жобалар жетерлік.

Төларнаның тартуы көп. Жаңа маусымда түрлі тақырыпты қамтитын 6 бағдарлама көрерменге жол тартты. Өңірдің өткенінен сыр шертетін ««QYZYLORDA EXPEDITION»: ӨШКЕН ӨРКЕНИЕТТЕР ІЗІМЕН» жобасы төл тарихымызды терең тануға мүмкіндік береді. Шығармашылық топтың құрамында танымал тарихшылар мен археологтар бар. Мұндай форматтағы бағдарлама алғаш рет жарыққа шығып отыр.

 БЕКЗАТ ЕСҚАЛИЕВ - «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫ БАС РЕДАКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \\ Жоба барысында біздің жиһанкездеріміз 4 мың шақырым жолды артқа тастап, Қаратаудан бастап Кердері қаласына дейінгі аралықты аралап өтті. Бұл жерде біз Қызылорданың даласында, ұлы дала елінде қалалық мәдениеттің қалыптасқанын негізгі мақсатымыз болды. Сонымен қатар ел ішінде еленбей-ақ, ел дамуына үлес қосып жүрген жандарды насихаттау мақсатында «Үлес» деген хабарды қолға алдық. Бұл да жуырда көрерменге жол тартатын болады. Сонымен қатар, аймақ дамуында қолтаңбасы бар жандарды насихаттайтын «Біртуар» деген жаңа жобаларымыз бар.

«Сыр TRAVEL». Аймақ арнасына қосылған тың жобаның бірі. Бағдарлама жүргізушісі Елдос Асан көпшілік көзінен тасада жатқан туристік орнындарға саяхат жасайды. Сол арқылы аймақтың көрікті мекендерін көпшілікке паш етеді. Сонымен қатар, «Велософия» хабары қатарға қосылып жатыр. Бағдарлама форматы ерекше. Көксегені – көрерменді кітап оқуға үндеу. Бағдарлама барысында әлеуметтік эксперименттер жасалып, қазақ әдебиетіне қатысты тосын сұрақтар қойылады.

 Жаңа маусымда журналистерге шығармашылық табыс тілеймін. Обл.тв әрқашан бағдарламаларымен қуантады. Біз оның тұрақты көрерменіміз. Төларнамыздың көрермендері көбейе берсін.

Қызылорда телеарнасының жаңалықтарын бұрынан көремін. 0061// Жаңа маусымда шығармашылық табыс тілеймін. Көрермендеріңіз көп болсын!

Жалпы, жаңа маусымда түрлі телебайқаулар, деректі фильмдер, әлеуметтік бейнероликтер, бизнесті дамытуға арналған бағдарламалар, пайдалы подкасттар әзірлеп, көрерменге ұсынылмақ. Ал «Жаңалық» жауынгерлері оқиға орнынан едел-жедел ақпарат таратып, ел өміріндегі өзекті мәселелерді қаузап келе жатыр. Ендеше, төріңізде төларна қосуылы болсын!