Аймақ ғалымдары мен «Болашақ» университетінің оқытушылары «Атом энергиясы және бүгінгі ғылым: мәселелері мен мүмкіндіктері» тақырыбында пікір алмасты.

 Бүгінде экономика мен энергетика саласы бір-біріне тәуелді. Ал, әлемдік ғалымдардың «алда энергия жетіспеушілігі болады» деп дабыл қаққаны кеше емес. Сондықтан атом электр стансасын салу мәселесі жер-жерде қызу талқыланып жатыр.

 ҒАЛЫМЖАН ҚҰРМАНБАЕВ – ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ/Бірінші мәселе, қазір көп электр станцалар газбен, көмірмен, мазут соларда жұмыс істейді. Олардың қоры бірте-бірте таусылады. Сол станцалардың орнына басқа энергия көзі болатын АЭС салу керек. Бұл дүниежүзіндегі практика. Екінші аспектісі парниковый эффект деп жатырмыз ғой. 60-шы жылға дейін біз оның дәрежесін үш есеге дейін азайтуымыз керек. Жыл сайын СО2-нің, басқа да газдардың изотоптарын қоршаған ортаға шығып жатқан азайтып отыруымыз керек. Көмірмен, газбен жұмыс істейтін ЭС пайдалансақ, онда ол керісінше көбейе береді. Үшіншіден АЭС өндіретін электр энергеияның өзіндік құны басқа станцаларға қарағанда төмен болады//