Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің облыс бойынша департаментінің құрылғанына ширек ғасыр толды. Елге қалтықсыз қызмет етіп, шекара шебінде қырағылық көрсетіп, антына адалдық танытқан әр әскери қызметшінің департамент дамуына қосқан үлесі өлшеусіз.Осыған орай облыс орталығында салтанатты жиын өтіп, сала үздіктері марапатталды.

Елдің шетінде, желдің өтінде жүріп шекара шебінің мызғымас тыныштығын қадағалау қырағы сарбаздардың міндеті. Департаменттің 25 жылдығына арналған іс-шарада алдымен көрме ұйымдастырылып, онда шекара қызметінің заманауи техникалық жетістіктері мен қару-жарақ үлгілері көрсетілді. Себебі қуатты әскер, қарулы техника әр мемлекет үшін маңызды.

 СЕРІК ӘБУСҰЛТАНОВ - ОБЛЫСТЫҚ ШҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \\ Бүгінгі өтіп отырған іс-шара осыдан 25 жыл бұрын 99 жылдың 15 қыркүйегінде Сыр бойының мемлекеттік шекарасын қорғауға 20/19 әскери бөлімі құрылды. Еліміздің шекарасын 10 шақты шекаралық застава, онда екі бөлім бар, шекаралық бақылау бөлімшелері бар. Содан бері жаңадан, модульді жаңа застава ғимараттары салынды.

Құмды әрі шөлейт өлкені кірпік қақпай күзету оңай шаруа емес екені анық. Салтанатты жиында елдің тыныштығын күзеткен 20-ға жуық әскери қызметкердің еңбегі еленіп, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

АЙДАР АЙЫМБЕТОВ - ОБЛЫСТЫҚ ШҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ\\

Департаментің жеке құрамы сіздердің әрқайысыңыз мемлекеттік шекараны қорғау, күзету бойынша өздеріңізге міндеттелген қызметті асқан жауапкершілікпен атқарып жатсыздар. Мемлекеттік шекараны күзету жолындағы ұлттық қауіпсіздік пен халық тыныштығын қамтамассыз етудегі баға жетпес еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін.

 НҰРХАН ҚАРАМЫРЗАЕВ – ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР\\

 Еңбегімді елеп жоғары басшылықтан марапат алып отырғаныма қуаныштымын. Жеке құрамды Қызылорда шекара департаментінің құрылуының 25 жылдығымен құттықтаймын. Барлығына отбасылық денсаулық, бақытты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.