«QYZYLORDA» телеарнасы жаңа маусымын бастады. Сырдың сырлы сандығы көрерменге тың жобалар ұсынбақ. Күні кеше төл жобалардың таныстырылымы өтті. Салтанатты шараға қатысқан зиялы қауым «QYZYLORDA EXPEDITION»: ӨШКЕН ӨРКЕНИЕТТЕР ІЗІМЕН» деректі фильмдер сериясының алғашқы бөлімін тамашалады.

Жаңа маусым жаңашылдыққа толы. Биыл аймақтың басты арнасы тың жобалармен көрерменді қуантпақ. Арнадағы бағдарламалардың 72 пайызы – төлөнім. Бағдарламалар барлығы жаңа форматта түсіріліп жатыр.

 НҰРБЕК ӘМИША - «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Қызылорда телеарнасы өздеріңізге белгілі, облыстағы тарихи болсын, мәдени болсын, елдегі қандай өзгерістер болсын соның барлығына жаршы болып жүрген телеарнаның бірі. биылғы жаңа маусымда 6 бірдей жаңа жобаны өмірге әкелдік. бұның барлығы облыстағы көрермендерге жақсы бір ой береді деген үміттеміз.

ИБАДУЛЛА ҚҰТТЫҚОЖАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ //

4-ші билік өкілі ретінде қаламгерлердің де қаланың экономикалық дамуына қосып жатқан үлестері зор. Телеарна арқылы шығып жатқан жаңа хабарлар қызықты. Шын мәнінде, үлкен ізденісті көрсетіп отыр. Бір риза болатыным, жаңа технологиямен қамтылған телеарна мықты-мықты журналистер ізденіс үстінде.

«QYZYLORDA EXPEDITION»: Өшкен өркениеттер ізімен» деректі фильмдер сериясы алғаш рет көпшілікке ұсынылды. Бұл экспедициялық форматта түсірілген тұңғыш туынды. Қарт Қаратау мен Кердері қалашығының арасын қамтыған жобаның форматы өзгеше. Фильмдер сериясында өңірдің ірі тарихи, мәдени шаһарлары көрсетіледі. Тырнақалды туындыны тамашалаған зиялы қауым төл жобаны оң бағалап отыр.

ЖАҒЫППАР ҚАРАБАЛА – ТЕЛЕВИЗИЯ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ //Әрдайым көрерменді жаулап, тарихтың мықты жылнамасын жақсы жаза берулеріңізге, көрсете берулеріңізге тілектеспін! Телеарнаға жаңаша көзқарас, жаңа леп жаңа идеялар, жаңа контент мазмұнды контент келіп, жақсы өзгеріп жатыр.

САЙЛАУБАЙ ЖҰБАТЫРҰЛЫ – ЭКОЛОГ-ЖАЗУШЫ

Жаңа маусымды жаңа дүниемен, жаңа бағытпен ашып, облыстық теледидар өзінің өсу үстінде екенін көрсетті. Фильм мені тарихқа ...

Жалпы, 33 жылдық тарихы аймақ арнасы көрерменді жылдар жылнамазын жазып келе жатыр. Тәулігіне 15 сағат хабар таратып, түрлі тақырыпты қамтитын 30-дан астам бағдарлама көрермен көзайымына айналған.