Халықаралық қарттар күні қарсаңында облыстық ардагерлер кеңесі мәдениет саласы ардагерлерін құттықтады.

Шаңырақтарына арнайы барып, сый- сияпатын табыс етті. Несібелі Сәдуақасова саналы ғұмырын кино саласында қажырлы еңбек етуге арнады. Тосыннан болған сыйға ардақты ардагер алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.

    Ал Махмура Абдулпатаева жас кезінен жанына кітапты серік етіп, кітапханашы болып қызмет атқарған. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев қос ардагерді мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

МАХМУРА АБДУЛПАТАЕВА – АРДАГЕР

Сыйлап, келіп жатсыздар, рахмет. Мынау елге қызмет етіп жатқан, артымыздан еріп келе жатқан сіңілі-қыздарымыздың дендері сау болсын

МАҚСҰТ БАЕКЕЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ\\Облыс әкімінің қолдауымен, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ардагерлерді барып, көңіл-күйлерін сұрап, мерекемен құттықтап қайттық. Көптеген шаралар өткізіліп жатыр. Мысалы, осы айда бізде мынау Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Үкаш ата секілді тарихи орындармен таныстыру, жаңарған Түркестанмен таныстыруға 50 ардагерді алып бардық. Және де алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Ол мынау, облыс көлемінде күйші ардагерлердің байқауын өткізу және де шахматтан,бильярдттан, спорттық жарыстарымыз да жоспарда тұр.