Теңізде тіршілік түлеп келе жатыр. Бүгінде Кіші Аралға жиналған жалпы су көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов баяндады.

Тіршілік нәрін тиімді пайдалану мақсатында «Қызылорда» және «Әйтек» су тораптары күрделі жөндеуден өтсе, «Көкарал бөгетін сақтау» жобасы жалғасып жатыр. Сондай-ақ, «Қараөзек» су қоймасын салу жайы да пысықталу үстінде. Жоба құны 3,8 млрд теңге тұрады. Оны Ислам Даму Банкі есебінен салу жайы қарастырылып жатыр. Бұдан бөлек:

 СЕРІК СЕРМАҒАМБЕТОВ - ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 3:18-/ Ағымдағы жылы ИДБ есебінен қаржыландыруға облыс бойынша 8 жобаны ұсынып отырмыз. Құны 5 млрд 173 млн теңге болады.

Ал президенттің «Ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу» тапсырмасына сәйкес, алдағы 2 жылда 10 жоба іске асырылады. Бүгінгі таңда инвесторлар анықталған. Сонымен қатар, «Жасыл Даму» акционерлік қоғамының механизімі негізінде қалдықтарды сұрыптау және өңдеу бағытында 9 жоба жүзеге аспақ. Нәтижесінде құрылысқа қажетті брусчатка, кәріз люктері, қағаз, пластик және шыны өнімдері шығарылады.