Спорт әлемінен ақжолтай ақпар. Ресейдің Омск қаласында өтіп жатқан велотректен Гран При жарысында екі сырбойылық спортшы жүлделі болды.

Велобәйгеде жасөспірімдер арасында Ердәулет Егізбай мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтыннан алқа тағынды. Ал, әйелдер арасында өнер көрсеткен Анжелла Соловьева қоланы қанжығалады. Екі спортшы да Ұлттық құрама мүшелері және Қызылорда велоспорт клубында жаттығады.