Елімізде қылмыс саны азайып келеді. Мемлекет басшысының қабылдауында болған ішкі істер министрі Ержан Сәденов, осылай деп есеп берді.

 Оның дерегінше, қылмыстық құқық бұзушылық саны 4 мыңға, соның ішінде қылмыс 7 мыңға азайған. Қоғамдық орындарда жасалатын және кәмелетке толмаған азаматтардың қатысы бар құқық бұзушылық та, кеміген. Қылмыстың барлық түрін ашу көрсеткіші де жақсарған.

ЕРЖАН СӘДЕНОВ - ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ

//Президентке тапсырмалардың орындалуы жөнінде оның ішінде Қазақстан халқына жолдауын іске асыру туралы хабарладым. Атап айтқанда ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігі, кадр саясатын дамыту мәселесі, сонымен қатар аттестация барысы туралы баяндадым. Президент нақты міндеттер қойды//