Қызылордалық құтқарушылар кроссфит мықтыларын анықтады.

 Кроссфит – күш пен төзімділікке арналған жаттығулар бағдарламасы. Ал, өрт сөндіруші мен құтқарушылар мұндай жаттығуларды күнделікті жасайды. Өйткені, олардың қызметі шыдамдылықты, қайсарлақты талап ететін іс-қимылдардан тұрады. 15 команда қатысқан тартысты бәсекеге қатысушылар жауынгерлік киімді уақытқа киіп, кедергілерден секіру сынды жаттығуларды орындады.