Ақындар дуэльге шықты. Қала күні мерекесінің көрігін қыздырған тағылымды кеш қайта жаңғыртылған орталық алаңда өтті. Республикаға танымал жас ақындар арасындағы «Ғалам мен қалам» поэтикалық дуэль жобасына еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 9 ақын қатысты.

Поэтикалық дуэль - тапаншасыз, семсерсіз, яғни,ақындардың өлең арқылы жекпе-жекке шығуы. Әдеби доданың бірінші кезеңінде жас ақындар Сыр елі туралы жазған жырларын оқыса, екінші айналымға өткен 8 ақын өзара жұптасып нағыз жүйрікті анықтады.

ЖАҒЫПАР ТАЖМАХАНОВ – ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ//Негізгі мақсаты біріншіден мынау біздің, жас ақындардың бізге халыққа, таныстыру, насихаттау өлеңдерін,шығармаларын. Екіншіден жәй ғана өлең оқып кетпей, ақындар арасында поэтикалық дуэль жасау. Жазба ақындардың таласты,тартысты сайысын өткізу. Жас ерекшеліктері, үлкен ақын жоқ. Бірақ, жиырма мен отыз бес аралығындағы ақындар.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев қаламыздың мәдени-рухани тынысына дем беріп жүрген бір топ қаламгерге алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады. Олардың қатарында арнамыздың сарапшы редакторы, талғам таразысында саралап, сапалы дүниелерін халыққа ұсынып жүрген ақын Елжас Әбділда бар. Тілшілік тіршілікте жүрген әріптесіміз Елжас қолы қалт еткенде мәнді мәтін жазуды әдетке айналдырған. Оның «Алғыс» , «Мен Қазақтың ұлымын», «Нағыз Қазақ», «Оп-оңай» , тағы да басқа әндері өз тыңдарманын тапқан.

ДАРХАН ТҰРСЫНБАЕВ – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАР//Сырдария жағалауындағы шырайлы шаһардың өткені мен бүгіні тарихта алтын әріптермен тасқа басылған. Бұл ретте «көшесінде жүріп сағынатын» ғажап қаланың жылнамасын жырмен жазып жүрген сіздердің орындарыңыз бір төбе.

Жас ақындар додасында жерлесіміз Аружан Оралбай поэтикалық дуэль жеңімпазы атанып, үш жүз мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, қатысушылардың барлығына елу мың теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.