Бүгін - Дүниежүзілік күріш күні. Бұл атаулы күнді Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен. Әлемде күріштің отаны - Оңтүстік Шығыс Азия болса, елімізде Қызылорда облысы күрішті өңір саналады. Қазір күріштік алқапта жиын-терім науқаны қызу жүріп жатыр. Шаруалар піскен дақылды қара күзге қалдырмау үшін күн-түн демей егінге орақ салуда. Қырмандағы тірлік те қауырт.

 Биыл өңірде күздің салқыны ерте сезіліп жатыр. Бірақ, диқандар үшін ең бастысы жауын-шашын жоқ. Сондықтан, шаруаларға қазір әр күн, әр сәт маңызды. Мәселен Қармақшы ауданындағы Жаңажол ауылының қырманында жұмысшылар үш ауысыммен тынбай еңбек етіп жатыр. Егіс алқабында да түн ортасына дейін қызу тірлік жүруде.

БАЛТАБАЙ СӘМЕТОВ – ҚЫРМАН МЕҢГЕРУШІСІ

 Шаруашылық 3100 гектар жерге күріш егеді. Шаруашылықта 350-400 адамдай жұмыс істейді. Қазіргі таңда қырманға 75 мың центнердей астық түсіп тұр. Осы қырманда 40 адам үш ауысымда жұмыс жасайды күні-түні++ Орташа есеппен 55-60 центнердің арасында келе жатыр. Шаруашылықта 70-75 центнерден шығып жатқан звено жетекшілері де бар.

Ал Шиелі ауданы Ақмая ауылының шаруалары егіс алаңын цифрландыруға көшкен. Диқандар биыл 1270 гектар алқапқа күріш егіпті. Олар лазерлік технологиямен тегістелген жерге сапалы тұқым сеуіп, жұмыс күшін автоматтандыруға басымдық берген. Шаруалар баладай бапталған дақылдың шығымы жақсы деп отыр.

ДӘУЛЕТ ЖҰМБЕКОВ - ШАРУАШЫЛЫҚ ТӨРАҒАСЫ

\Биылғы жылы өнім жақсы болып тұр Жылдағыдай емес жоғары болып тұр. Осыны аман есен, жауын – шашынға қалмай жинап алсақпа деп жатырмыз.күндіз түні осы болады шаруашылықтың жұмысы. Осыдан 5-6 жыл бұрын біз цифрлық поляға өткенбіз. Бұлда жақсы өнімділікке. Қандай болезнь келе жатыр, біздің центріміз бар. Сол арқылы бәрін шешіп отырмыз..\

40 жыл трактор тізгіндеген Гүлсім Дәрібаева таң атысымен егіс басында болады. Тәжірибелі диқан қазір бригадир. Өзіне бекітілген алқапты аралап, күнделікті жұмыстың барысын қадағалайды.

ГҮЛСІМ ДӘРІБАЕВА, БРИГАДИР

//Дәнге керекті тыңайтқыштармен қамтамасыз еттік. Өзіміздің ұжымда дронымыз бар. Дронмен гербицид септік. Осы еккен лидер сортымыздан құдай қаласа жоғары көрсеткішке ие боламыз деп отырмыз. //

Жалпы облыста 86 мың гектарға жуық күріштік алқаптың күзгі науқан басталғалы 42 пайызы орылды. Сыр диқандары егінді жинау жұмыстарын күн-түн демей жүргізіп, дақылды қазан айының ортасына дейін қамбаға құюды межелеп отыр. Осы тұста, айта кетейік, әлем елдеріне ең танымал дәнді дақылдың тарихы 7 мың жылға жуық. Алғаш рет Шығыс Азияда өсіріле бастаған күріштің қазір 20-ға жуық түрі кездеседі екен.