Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары баспасөз орталығында брифинг берді. Тілші бейнематериалында толығырақ.

 Дүбірлі додада Бексұлтан Бостандықов тоғызқұмалақтан қос алтын иеленген болатын. Оның бірін жекелей сында, екіншісін жалпыкомандалық есепте жеңіп алды. Жалпы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақ сайысына 41 мемлекеттен 114 спортшы қатысқан.

БЕКСҰЛТАН БОСТАНДЫҚОВ - V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

//Қиын іріктеуден өткеннен кейін, осы көшпенділер ойынына қатыстым. Енді тоғызқұмалақ көшпенділер ойындарында ең көп ел қатысқан спорт түрі болды.0057Ұлттық спортымыз осындай үлкен дәрежеге көтерілгеніне өте қуанышты болдым. Бұрындары Азия елдерінен Қырғызстан, Моңғолия сияқты елдер бізбен тайталасса, қазіргі уақытта Еуропадан Чехия, Латвия, Америкадан Колумбия сияқты мемлекеттер тыңғылықты дайындалып келіпті. Мен үшін өте жоғарғы ойын өрнегін көрсетті олар.

Ал Нұрлыбек Асқаров V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкбөрі сайысынан күміс жүлде иегері. Болашақта байрақты бәсекенің чемпионы атанып, ел абыройын асқақтатсам деген мақсаты бар.

     Байрақты бәсекеде Назерке Әбілтаева белбеу күресінен сынға түсіп, қола медаль еншіледі. Бұрымды балуан спортпен 12 жылдан астам уақыт айналысып келеді.

НАЗЕРКЕ ӘБІЛТАЕВА - V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

// Біз осы жарысқа дейін, үш оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Бірінші – Алматы қаласында, екінші – Щучинск қаласында, үшінші – Астана қаласында. Жарысқа тыңғылықты және жеткілікті дайындалдық. Бірақ әркімнің бағы мен бабы әртүрлі жанды. Бірінші айналым Молдова елінің қызымен болды, екінші айналым Иран мемлекетінің қызы болды, үшінші айналым, жартылай финал Ресей елінің қызымен күрестім.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы нәтижесі бойынша, Қазақстан құрамасы 43 алтын, 34 күміс, 37 қола медальға ие болды.