Жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған бала анасының көлігін тізгіндеп, айыппұл арқалады.

Оқиға 16 қазан күні Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде орын алған. Тәртіп сақшылары бұл жағдайды кезекті түнгі уақыттағы рейд кезінде анықтапты. Яғни, полиция қызметкерлері іс-шара барысында жол ережесін бұзған «ВАЗ-2107» автокөлігін байқап, тоқтатады. Тексеру барысында көлікті кәмелет жасына толмаған жасөспірім құжатсыз басқарғандығы анықталған. Аталған оқиғаға байланысты әкімшілік іс қозғалып, баланың анасына айыппұл салынды.