Бүгін Жалағаш ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды. Атап айтқанда, Қаракеткен ауылында дәрігерлік амбулатория, ал аудан орталығында Руханият орталығы пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Оқиға орнынан Қозы Көрпеш Жасаралұлы студиямен тікелей байланысқа қосылды.