#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #жаңадария#әкім

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһардағы бірнеше нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардыкөрді. Бүгінде әуежайға апаратын ұзындығы 13 шақырымнан астам автокөлік жолын 2 жолақтыдан 4 жолақтыға ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

 Аймақ басшысы алдымен осы жолдың бойындағы Жаңадария, Сыздық, Шіркейлі көпірлерін кеңейту жұмыстарымен танысты. Бұл көпірлер арқылы Амангелді, Бесарық, Иіркөл, Қоғалыкөл, Жетікөл, Айдарлы елді мекендеріне және қала маңындағы саяжайларға да қатынауға болады. Сондықтан аталған үш көпір де әлеуметтік маңызға ие. Аймақ басшысы, жауаптыларға бұл жұмыстарды сәуір айына дейін аяқтау керектігін ескертті.

1-апрельге дейін жұмыс істеңіздер. Толық бәрін бітіріңіздер. Бірінші апрельден бастап асфальттап, бесіне дейін бәрін бітіріп, мына жолды ашуымыз керек/

Мұнан соң, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Титов қыстағындағы 135 пәтерлі тұрғын үйдың құрылысын көрді. Құрылысы былтыр басталған көпқабатты үй сәуір айында тапсырылуы тиіс. Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі ең бірінші сапаға мән беруді және мерзімінде аяқтауды тапсырды.